Бұланды ОКЖ - нің  модельдік орталық аудандық кітапханасының мамандары жаңа келген әдебиеттерді  насихаттау мақсатында «Кітап теңізіндегі жаңалықтар»  атты библиофреш дайындап, әлеуметтік желілерге іске қосты, пайдаланушыларға жаңа әдебиеттермен танысуды ұсынады. 

Модельдік балалар кітапханасы мамандары оқырмандарға керемет дарындылығымен, ізденгіштігінің арқасында қазақ әдебиетінің алдыңғы шебіндегі маңдай алды қаламгерлерінің бірі болып өткен Ғабит Мүсірепов туралы мәлімет беру, алған білімдерін қорыту, жинақтау, оның шығармаларының көркемдік ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында "Ұлт мақтанышы - Ғабит Мүсірепов" атты әдеби портретін ұсынды.Оқырмандар қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері Ғабит Мүсірепов туралы көптеген ақпараттармен танысып,қазақ тарихындағы ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығынан сусындады.Әдебиет сабағынан белгілі "Өлімді жеңген ана" шығармасы талқыланып,ең алғашқы романы "Қазақ солдаты" романынан сонымен қатар оқырмандарымыздың сүйікті шығармаларының бірі "Ұлпан" романынан үзінділер тыңдалды.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында модельдік орталық аудандық   кітапханасында "Түркі өркениетінен  қазіргі заманға дейін" атты әдеби сағаты өтті, ісшараға «Айналайын» клубының  мүшелері мен оқырмандар қатысты.

Биыл Ұлы Отан соғысының ардагері, журналист, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толып отыр. Бұланды модельдік орталық  аудандық кітапханасында «Ұлдарға өсиет кыздарға кеңес»әдеби сағат өтті. Ісшара жүргізуші кітапхананың кітапханашысы жиналғандарды жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. «Өмір мен шығармашылықтың белестері» атты кітап көрмесінде әдебиеттерге шолу жасалды. 
Ісшараның мақсаты: қолданушыларды жазушының өмірі мен шығармашылық жолымен таныстыру.

Биыл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың отырысында Республика күнін қайтару қажеттігін мәлімдеді. Көп ұзамай парламент заңды қабылдады. Оған сәйкес, 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні, ретінде белгіленіп отыр. 

Биыл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың отырысында Республика күнін қайтару қажеттігін мәлімдеді. Көп ұзамай парламент заңды қабылдады. Оған сәйкес, 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні, ретінде белгіленіп отыр. 

Модельдік балалар кітапханасы мамандары оқырмандарды туған өлкенің әдебиетімен, тарихымен таныстыру, туған өлкемен байланысты тұлғалардың өмірін бейнелейтін жазушы шығармалары бойынша жастардың білімін кеңейту, көркем әдебиетті насихаттау,ұлт зиялыларын ұлықтау мақсатында әдебиетші, ғалым, сыншы,профессор Тұрсынбек Кәкішевтің тағдырлы ғұмыры мен шығармашылық жолына арналған "Туған өлке жазушысы" атты ақпараттық лекциясын өткізді.Іс-шараға Балуан Шолақ мектеп-лицейінің оқушылары ат салысып,баяндамаларын жасады, дайындап келген презентацияларымен таныстырды.Тұлғаның ұлт болашағы үшін атқарған қызметтері мен ерен еңбектері айтылды.

Модельдік балалар кітапханасы мамандары оқырмандарға жалпы халыққа жолдау дегеннің не, ол қашаннан бері жүзеге асырылып келе жатқан құжат екендігін ,биылғы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында не айтылғандығын, алға қандай жоспарлар мен мақсаттар қойылғандығын, мемлекет басшысының осы уақытқа дейінгі атқарған істері негізінде Қазақстанның жаңа тарихының бет бейнесін көрсету,патриоттық тәрбиеге баулу мақсатында "Президенттің жолдауы-жаңашылдықты қолдауы" атты патриоттық сабақ өткізді.Патриоттық сабаққа оқушылар белсене ат салысып,өз ойларын ортаға салды.Жолдаудың басты бағыттары ашық түсіндіріліп,оқушылардың көкейлеріндегі сұрақтарына жауап боларлықтай мәліметтер айтылды.Президент жолдауына байланысты көрнекті материалдармен таныстырылды.