Модельдік балалар кітапханасы мамандары Балалар жылына және оқушылардың жазғы демалысына орай оқырмандарға экологияның мәдениеттілікті қалыптастыру, табиғатты қорғауға, аялауға,шақыру, табиғат байлығын қорғауға шақыру,көркем әдебиеттегі және жалпы кітаптағы шығармалар арқылы қоршаған ортаны сүюге баулу мақсатында "Табиғат,мен сені жылдың кез-келген уақытында сүйемін" тақырыбында эковикторина ұйымдастырды.Іс-шараға тұрақты оқырмандар қатысып, табиғат пен қоршаған орта жайлы,оның адамға деген пайдасы мен маңыздылығы туралы мәліметтер алды.Тақырыпқа сай дайындалған викториналық сұрақтарға жарыса жауап беріп, кітап көрмесімен танысты.
Модельдік балалар кітапханасы мамандары Балалар жылына орай жазғы демалыс уақытына арналған "Біз бәріміз жиналып,ертегілер әлеміне енеміз" атты ойындық бағдарламасын өткізді.Ойындық бағдарламаның "Біз көңілді баламыз", "Сымсыз телефон", "Болмасаң да ұқсап бақ!" сынды тапсырмаларына оқырмандар аса қызығушылықпен ат салысты.Ертегілер әлемі туралы қызықты мәліметтер айтылып,өз сүйікті кейіпкерлерінің рөлдерін сомдап,ертегілерден үзінділерін айтып берді

Модельдік балалар кітапханасы мамандары Балалар жылына орай денсаулық зор байлық екенін ұғындыру,өскелең ұрпақты денсаулық сақтауға дәріптеу, "тәні саудың-жаны сау" деген ұғымдарды үйрету мақсатында ашық аспан астында тұрақты оқырмандармен "Денсаулық үшін әр сәтті қалт жібермейміз" атты әдеби-спорттық калейдоскоп ұйымдастырды.Тұрақты оқырмандар белсенділік танытып, керемет көңіл-күйде болды.

Мичуриннен Макинскі қаласына эвакуацияланған зауыттың бірінші эшелонының келгеніне биыл 80 жыл толды. Туған өлкенің тарихымен танысу мақсатында модельдік орталық аудандық кітапханада кітапхана мамандары  мен  мемлекеттік архив мамандары бірлесіп «Туған өлкенің тарихи белестері» атты ақпараттық сағат өткізді.
 

Модельдік балалар кітапханасы мамандары "Балалар жылына" орай және оқушылардың жазғы демалысына арнайы ""Жазғы қоржындағы кітаптар" атты жазғы оқу сайысын өткізді.Тұрақты оқырмандар өздері таңдап алған сүйікті кітаптарын таныстырып,мазмұндап берді.Қызықты анкета толтырып,тапсырмаларды орындады.Сайыс қорытындысы бойынша мадақтамалармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Барлығына айт, бәрі естісін» атты есірткіге қарсы акциясы
Нашақорлық - ғасыр дерті екендігін, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында Модельдік балалар кітапханасынын оқырмандарымен «Барлығына айт, бәрі естісін» атты есірткіге қарсы акциясы өткізілді.

Кітапхананың оқырмандары белсенділіктерін танытып іс шараға қатысып, уақыттарын көңілді әрі пайдалы өткізді .

Модельдік балалар кітапханасы мамандары Қазақстан Республикасы рәміздерінің 30 жылдығына орай Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту,рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту,оқырманның есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру, оларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында "Елдігімнің айғағы - рәміздерім" атты патриоттық сағатын өткізді.

Модельдік балалар кітапханасы мамандары жазғы демалысқа арналған мақсатты бағдарламасын жалғастырып, кітапханаға оқырмандарды көптеп тарту,оларды кітап оқуға қызықтыру,бос уақыттарын тиімді пайдалануға үйрету,кітап оқу дәстүрін жалғастыру мақсатында модельдік балалар кітапханасы қабырғасында "Әдеби боулинг" ойындық бағдарламасын ұсынды.
"Әдеби боулингке" талапты да талантты,білгір де тапқыр оқырмандар қатысып,неше түрлі тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.

Модельдік балалар кітапханасы жас оқырмандарды жазғы демалыс уақытында кітапханаға шақыру,кітап оқу дәстүрін шыңдау,балалардың жазғы бос уақытын тиімді пайдалануға баулу мақсатында Халықаралық балалар күніне арнап "Әдеби боулинг" ойындық бағдарламасын өткізді.
Ойын түрінде өткен іс-шараға тұрақты жас оқырмандарымыз қатысып,түрлі формадағы қызықты тапсырмаларды жарыса орындады.