Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары - мінез-құлықтың үлгісі, ілтипат пен құрмет стандарты. Елдің мәдениетін түсіну үшін баланың дүниеге келуіне, тұрмысқа шығуға және өмірдің басқа қырларына байланысты Қазақстанның әдет-ғұрыптарымен танысыңыз. Бұланды орталық кітапхана жүйесінің библиографы «Ұлттық салт –дәстүріміз рухани құндылықтар негізі» Виртуалды бейне – сағат.  Ісшараның мақсаты: оқушылардың қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы білімдерін қалыптастыру; студенттерде қазақ халқының мәдениетіне деген қызығушылықты қалыптастыру; студенттерде өз елінің, өз халқының адамгершілік және рухани мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу 

Наурыз мейрамын мерекелеу аясында "Ұлттық киiм - ұрпаққа мұра" атты челленджiн аудандық мәдениет үйiнен модельдiк орталық аудандық кiтапхана қабылдады. 

Бұл Қазақстанның ең сүйікті және ауқымды   мерекелерінің бірі. Модельдік орталық аудандық кітапханасының мамандары назарларыңызға «Наурызым-мерекем», наурызым берекем» атты видео-слайд ұсынады.

Жамбыл қазақ әдебиеті мен мәдениетінде ерекше орны бар Алатаудай асқақ тұлға.Жыр дүлдүлі,эпик ақын ретінде қазақтың суырып салма импровизаторлық өнерін биік шыңға шығарады.

Биыл  екі ғасырды молынан тұтастырып жаткан ұлы жырау, қазақ халқының ұлы перзенті, ақын, айтыскер, сазгер, жыр алыбы Жамбыл  Жабаевтын туғанына 175 жыл. Бұланды ОКЖ –нің модельдік орталық аудандық кітапханасының мамандары сіздердің назарларынызға «Ұлы даланың ақыны» атты видео-слайд ұсынады.
Мақсаты:  Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жұреғіне ұялату, өқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз онерін қадырлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлендерін сүйе білуге үйрету. Ақын шығармалары арқылы ұлжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәрбиелеу


Дина Нұрпейісова, халық орындаушысы-домбырашы, композитор, қазақ мәдениетінің қайраткері, 160 жаста. Осы күнге дейін қазақ халқының ұлы тұлғаларымен танысу мақсатында Бұланды орталықтандырылған  кітапханалар  жүйесінің модельдік орталық аудандық кітапханасы; музыкалық аспаптар мен музыкаға деген қызығушылықты ояту үшін «Күйдің  құдіреті» виртуалды - әдеби салон дайындап, әлеуметтік желіге жүктеді.