18 наурыз 11:00 де модельдік орталық аудандық кітапханада «Жылы сөзбен бір бірімізді жылытамыз» тақырбында ашық есік күні болып өтті. Іс - шараға 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты. Шара шашу шашылумен басталды. Негізгі бөлімде наурыз мерекесінің тарихы баяндалып, қатысушылар ұлттық ойындарға белсене қатысты. Іс – шара қызықты өтіп наурызға арналған дастарқанмен аяқталды. Белсенді қатысқан қатысушыларға тәтті сыйлықтар таратылды.
17 наурыз модельдік орталық аудандық кітапханада «AMANAT» партиясы филиалымен бірлесіп «Еңбек адамы – елдің байлығы» тақырыбында кездесу кеші ұйымдастырылды. Іс-шараға Бұланды аудандық маслихатының төрағасы Сексенов Н.Б, «AMANAT» партиясы филиалының төрайымы Хожабай Р.Т, "Бұланды Ақпарат" газетінің редакторы Аманжолова А.Е, «ХПП Арна» жұмысшы мамандары, қатысты. Кездесу барысында шара қонақтары өз мамандықтары жайлы айтып, еңбек жолындағы қызықты да маңызды мәліметтермен бөлісті. Бұланды аудандық мәдениет үйі қызметкерлері ән шашуларын арнады. Қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды. Кездесу фотосессиямен аяқталды.
Жастардың білім жолын ашып, олардың заман талабына сай білімді ұрпақ болуына септігін тигізетін көптеген білім ошақтары бар. Солардың бірі аудандық кітапхана. Оқушыларды жаңа келіп түскен кітаптармен таныстырып, кітапқа деген құштарлығын ояту мақсатында модельдік орталық аудандық кітапхана маманы «Кітаппен дос болайық» кітап кеші ісшарасын өткізді.
8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі күні қарсаңында модельдік орталық аудандық кітапханасында Бұланды орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұжымымен "Арулар - асыл жандар" атты мерекелік кеш өткізілді.
9 қаңтарда ауданымыздың құрылғанына 100 жыл толды. Бұланды орталықтандырылған кітапхана жүйесінің модельдік орталық аудандық кітапханасында «Тарихқа оралу» жобасын жүзеге асыру аясында «Туған жер сырын ашады» атты тарихи экскурсия болып өтті. Шараға қаланың қарттары Жеүсіпбков Төлеубек Жүсіпбекұлы, Бұланды аудандық мұрағатының директоры Қожақанов Бектас Темірғалиұлы, ардагерлер кеңесінің төрайымы Тұртанова Биғайша Еслямбекқызы және №1 жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушылары қатысты.
Биыл Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл. Бұланды орталықтандырылған кітапхана жүйесінің Модельдік орталық аудандық кітапханасының кітапханашысы Макинск қаласының мектеп-лицейінің 10 сынып оқушыларымен жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған «Ілияс Есенберлиннің даналық ойлары» атты әдеби қонақжайлылық өткізді. Ол Қазақстандағы ең көп оқылатын автор болып саналады. Шара барысында Ілияс Есенберлиннің өмірінің кезеңдері туралы әңгіме айтылып, «Көшпенділер» туралы бейнеролик тамашалап,оқушылар «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары»атты викторинасына белсене қатысты.
Қазақ елінің аты аңызға айналған ұлы, жерлесіміз Балуан Шолақтың 160 жылдығын мерекелеу аясында Балуан Шолақ өмір жолымен танысып, бос уақыттың бір түрі ретінде кітап пен кітап оқуды кеңінен насихаттау, демалыстың алуан түрін кеңінен қарастырып, кәсіби ынтымақтастықтың, серіктестіктің және қоғаммен өзара әрекеттестіктің жаңа нысандарын енгізу мақсатында модельдік орталық аудандық кітапханада «Кітапхана ашық идеялар әлемі» атты кітапхана түні өтті.
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Бұл мереке мемлекетіміздің еркіндігі мен күш-қуатының символы болып саналады.
Мәлік Ғабдуллин (15 қараша 1915, Көкшетау облысы, Зеренді ауданы —2 қаңтар 1973, Алматы) — қазақ жазушысы, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы (1959), профессор (1959), КСРО Педагогика ғылым академиясының академигі (1959), Кеңес Одағының Батыры (1943). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961). Модельдік балалар кітапханасының оқырмандармен Мәлік Ғабдуллиннің туған күніне орай «Аты аңызға айналған қаҺарман» атты Әдеби панорама өтті. Іс-шараға тақырыптық ұйымдастырылды, каһарман ғалымның кітаптарына әдеби шолу жасалынды.