Модельдік балалар кітапханасы мамандары Балалар жылына және оқушылардың жазғы демалысына орай оқырмандарға экологияның мәдениеттілікті қалыптастыру, табиғатты қорғауға, аялауға,шақыру, табиғат байлығын қорғауға шақыру,көркем әдебиеттегі және жалпы кітаптағы шығармалар арқылы қоршаған ортаны сүюге баулу мақсатында "Табиғат,мен сені жылдың кез-келген уақытында сүйемін" тақырыбында эковикторина ұйымдастырды.Іс-шараға тұрақты оқырмандар қатысып, табиғат пен қоршаған орта жайлы,оның адамға деген пайдасы мен маңыздылығы туралы мәліметтер алды.Тақырыпқа сай дайындалған викториналық сұрақтарға жарыса жауап беріп, кітап көрмесімен танысты.