Бұланды атындағы орталық кітапхананың орталық модельдік аудандық кітапханасында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған «Орта Азияға ортақ тұлға» портрет сағат өтті. Ісшараға қатысушылар Кеңес өкіметі жылдарында еңбек етіп, ел ағарту саласының дамуына үлес қосқан Жүргеновтің қайраткерлік істеріне тоқталды.
Модельдік балалар кітапханасы мамандары ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының ақындық талантын шәкірт жүрегіне 
ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту мақсатында аудандық "Шәкәрім оқулары" байқауының іріктеу кезеңін өткізді.Байқауға Макинск қаласының мектеп оқушылары қатысып,тізім бойынша берілген өлеңдерді жаттады.Іріктеуден сүрінбей өтіп,оқ бойы озып шыққан қатысушылар облыстық кезеңге жіберілді.Барша қатысушыларға алдағы байқауларда сәттілік тілейміз!
Шәкәрім мұрасы – ұрпаққа аманат!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті: адалдықты, инабаттылықты, әділеттілікті қалыптастыру, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханияттың құндылықтар жүйесін насихаттау мақсатында Бұланды орталық модельдік аудандық  кітапханасында «Азаматтық қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты әңгіме сағаты өтті. Ісшара Бұланды аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы, мемлекеттік қызметшілер, ӨСБ – 8 жеке құрамы және жастар ресурстық орталығының жастарының қатысуымен өтті. 

Модельдік балалар кітапханасында оқырмандардың білімдерін дамыту, кітап оқуға қызығушылығын арттыру, шығармашылық ізденістерін ұштау, ой - өрісін, есте сақтау, ойлау танымдық қабілеттерін дамыту,сонымен қоса өзі сері, өзі ақын әрі батыр, халық композиторы,Кеңес дәуірінде қудалау көрген,ешкімге басын имей өткен күрескер тұлға Иманжүсіп Құтпанұлы жайында толыққанды ақпарат беру,оның тарихи тұлғасын санасларына сіңіру мақсатында "Қазаққа аты мәлім Иманжүсіп" тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.Танымдық сабаққа жас оқырмандарымыз қатысып,сал-серілік жайлы әңгіме қозғалды.Шара барысында Иманжүсіп Құтпанұлының шығармашылығы таныстырылып,оқырмандарға тұлғалық келбеті айқындалып жеткізілді.


2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді.

Капизина А. Жаңа әдебиет әлеміне саяхат // BULANDY AQPARAT – 2023. –  20 қаңтар. – 1 бет.

Биыл «Елінің Еңлік гүлі» атағын алған Қазақстанның халық әртісі Бикен Римованың туғанына 100 жыл. Бұланды ОКЖ –нің модельдік орталық аудандық кітапханасында Бикен Римованың шығармашылығына арналған «Бикен Римова – қазақ сахнасының саңлағы» атты бір портреттің әңгімесі іс-шара өтті. 

Модельдік балалар кітапханасы мамандарының ұйымдастыруымен кітапхананың тұрақты оқырмандарына арнап «Парақта,оқы - әлемді таны!» тақырыбында библиомикс өткізілді. Құрметті кітап сүйер қауым! Библиомикстің мақсаты: жаңа әдебиеттерді оқырмандарға насихаттау, кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу,кітапхана қорына келіп түскен жаңа көркем-әдеби, детективті және балаларға арналған әдебиеттермен таныстыру болатын.Осыдан күтілетін нәтиже: Жаңа кітаптарға байланысты кітапхана қорына жаңадан түскен кітаптарды пайдаланушылардың оқуы мен пайдалануына жан-жақты ықпал жасау. Шара барысында кітаптың адам өміріне пайдасын мен маңызын,қажеттілігі мен сұранысы жайында мәліметтер айтылып, "Балақайлар,сіздер үшін жаңа кітаптар" Ұлы даланың ұлы есімдері,"Тарихи сырға толы өлкем менің" сияқты тақырыптық әдебиеттер көрмелермен таныстырылды.
Модельдік балалар кітапханасы мамандары оқырмандарды елін сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елінің тарихын білуге, бай — қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту,
таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту,ұлтжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында "Мен тәуелсіз елдің азаматымын!" тақырыбында патриоттық сабақ өткізді.Шара барысында Желтоқсан оқиғасы туралы мәліметтер айтылып,бейнеролик көрсетілді.Тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы қиыншылықтар мен ауыр кезеңдер жайлы баяндалып,тарих пәніне байланысты викториналық сұрақтар қойылды.Іс-шараға арналып жасалған кітап көрмесі таныстырылып,ерлік пен елдік,бірлік пен тірлік туралы сөз қозғалды.