Модельдік балалар кітапханасы мамандары 1 - мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу ,біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі - өнегесін оқушылардың бойына сіңіру мақсатында "Қазақстан бірлігі-халық бірлігінде" атты тарихи экскурсын ұйымдастырды. Іс-шараға Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің 3 сынып оқушылары белсене қатысып,мерекелік викторинада білімдерін көрсетті.Достық,татулық,бірлік тақырыбында мақал-мәтелдер айтылып,өлеңдер оқылды.Шара соңында жас оқырмандар мерекені маңыздылығын ұғынып,естелік суретке түсіп,көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
Модельдік балалар кітапханасында жылдағы дәстүр бойынша «Балалар және жасөспірімдер кітаптарының апталығы» атты кітап апталығы өз мәресіне жетіп,қорытынды марапаттауы өтті.Бір апта бойы жалғасқан кітаптарға арналған балалар мерекесінде Макинск қаласының барлық мектептерінің белсенді оқушылары іс-шараларға жарыса қатысты.
Модельдік балалар кітапханасында Кітап апталығының балаларға арналған кезекті қызықты іс-шарасы ұйымдастырылды. "Кітаптың сырлы бояулары" деп аталатын жарнамалық акция екі тілде өткізіліп,оқырмандардың барлығы белсенді ат салысты. Викториналық сұрақтар,мерейгер жазушыларға арналған кітап көрмесі,іс-шараның көздің жауын алатын түрлі-түсті реквизиттері,қызықты бағдарламалар мерекелік атмосфераны құрады.Сондай-ақ әрбір оқырманның көңіл-күйін көтеріп,кітапқа деген қызығушылықтарын одан ары арттыра түсті
28 ақпанда Бұланды ОКЖ-нің модельдік аудандық орталық кітапханасында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелігіне кірген жерлес ақын Жайнарбек Зандыбайдың шәкірті, жергілікті жас ақын Тілек Серікұлының шығармашылығына арналған «Көңілім менің көктемдей» әдеби - сазды кеші өтті.
Модельдік балалар кітапханасы мамандары 2022 жылдың алғашқы жаңа түскен әдебиеттеріне арнап,оқырмандарға жаңадан түскен әр түрлі жанрдағы кітаптарды кеңінен насихаттау, жаңадан түскен кітаптарды пайдаланушылардың оқуы мен пайдалануына жан-жақты ықпал жасау,балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға тарту,"Балалар жылы" аясында сауаттылықты арттыру мақсатында "Жақсы кітап-жан азығы" атты виртуальды таныстырылымын жариялайды. Жаңа түскен әдебиеттер қатарында бүлдіршіндерге арналған таөпақ,жаңылтпаш,әңгіме-ертегілермен қатар,тарихи,қазақ поэзиясының және әлем әдебиетінің жауһарлары бар.Жаңа кітаптар өз оқырмандарын күтетініне және тез арада ойы ұшқыр,сауатты оқырмандарме қауышатынына сеніміміз мол.
Модельдік балалар кітапханасы мамандары 2022 жылдың алғашқы жаңа түскен әдебиеттеріне арнап,оқырмандарға жаңадан түскен әр түрлі жанрдағы кітаптарды кеңінен насихаттау, жаңадан түскен кітаптарды пайдаланушылардың оқуы мен пайдалануына жан-жақты ықпал жасау,балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға тарту,"Балалар жылы" аясында сауаттылықты арттыру мақсатында "Жақсы кітап-жан азығы" атты виртуальды таныстырылымын жариялайды. Жаңа түскен әдебиеттер қатарында бүлдіршіндерге арналған таөпақ,жаңылтпаш,әңгіме-ертегілермен қатар,тарихи,қазақ поэзиясының және әлем әдебиетінің жауһарлары бар.Жаңа кітаптар өз оқырмандарын күтетініне және тез арада ойы ұшқыр,сауатты оқырмандарме қауышатынына сеніміміз мол.
Модельдік балалар кітапханасы мамандары Қазақтың көрнекті ақыны, қазақ поэзиясының Жезкиігі атанған ірі мемлекет қайраткер Кәкімбек Салықовқа арналған "Кәкімбек-қара өлеңнің жезкиігі" атты әдеби-мемуарын ұсынады. «Жезкиік», «Сағыныш», «Аққу әні», «Үш арыс», «Бір ауыз сөз», «Оқжетпес», «Көкшетау», «Жамбыл ата» сынды туындылары халық әніне айналып айналған, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне үш мәрте (IX, X, XI) депутат болып сайланған, КСРО Жоғарғы Кеңе-сінің депутаты, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері (2001), Халықаралық Қ.Сәтбаев қорының президенті, Қазақстан Республикасы «Экология» академиясының академигі. Ленин орденімен, екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Парасат» және Халықтар Достығы ор-дендерімен, көптеген медальдармен марапатталған ардақты Көкше өңірінің ақынының өміршең өлеңдерін,ғұмырлы мұраларын насихаттау баршамыздың мақсаты.
Модельдік балалар кітапханасы мамандары Қазақ ән өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан әнші, КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағлановаға арналған "Қазақ сахнасының аңызы" атты әдеби-музыкалық калейдоскобын ұсынады. Оның шығармашылық жолы Ұлы Отан соғысы жылдары басталды. Өнер жолын Ташкент филармониясының ән-би ансамблінде әнші болып бастаған. Сол ансамбльмен ІІ-дүниежүзілік соғыс жылдары майдан даласында өнер көрсетіп, жаралыларға жігер беріп, зұлым жауға қарса аттанатын ерлерге қуат берген. Оның орындауындағы "Кестелі орамал", "Ах, Самара, городок" әндері ел арасында ерекше танымал болды. Аты аңызға айналған әнші Роза Бағланованың құнды мұрасын тарих беттерінен жоғалтпай, көзіміздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа насихаттау баршамыздың міндетіміз. (Жалпы,өнер,мәдениет туралы білгілеріңіз келсе,біздің кітапханамыздың әдебиет әлеміне сапарға шығыңыздар!)