Модельдік балалар кітапханасында балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін ояту, ұлтжандылыққа тәрбиелеу,патриоттық сезімін ояту, Қазақстанның келешегі екеніне көз жеткізу мақсатында "Өмірге келген әр адамның құқығы бар" тақырыбында танымдық сағат ұйымдастырды.
Іс-шараға тұрақты оқырмандар атсалысып,Ата заң туралы тың мәліметтермен танысты.
Өз құқықтары туралы сөз қозғалып,ойларын ортаға салды.

Модельдік балалар кітапханасы мамандары жазғы уақытта «Балалар жылына» орай ұйымдастырылған «Жаз+кітапхана=керемет демалыс» атты жазғы демалысқа арналған мақсатты бағдарламаның «Осы жазда қалай  оқыдық,біз құпиясын айтамыз!» тақырыбындағы кітапқұмарлардың қорытынды мерекесін өткізді.
Мерекеге тұрақты оқырмандар белсене қатысып,жаз бойы өткен іс-шараларды естеріне түсірді.Өз кезектерінде өнерлерін ортаға салып,ән айтып,би билеп,өлең оқып,домбыра тартып, шара соңында модельдік балалар кітапханасы ұжымының атынан алғыс хаттармен,бағалы сыйлықтармен сондай-ақ "Ең үздік оқырман" номинацияларымен марапатталды.

Куанышева З."Кітапхана - балалардың ақылшысы"/ BULANDY AQPARAT. - 12 тамыз. - 3 б.

Сейтхан Б."Қазақ әдебиетінің майталманы/ BULANDY AQPARAT. - 12 тамыз. - 3 б.

Модельдік балалар кітапханасы мамандары "Балалар жылына" және 10 тамыз қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев күніне орай ұлы ақын туралы тереңірек меңгеру, өмір жолы мен шығармашылығын таныту,Абай ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау, құрмет ету мақсатында тұрақты оқырмандардың қатысуымен "Қазақтың өшпес сәулесі" тақырыбында әдеби-қонақжай өткізді.і-Іс-шара барысында оқырмандар ұлы ақын шығармашылығы туралы бейнеролик тамашалап, өздеріне ұнайтын өлеңдерін мәнерлеп оқып берді.

Біз жазамыз, біз туралы жазады Сейтхан Б. Қазақтың текті қыраны – Талғат Бегельдинов!// BULANDY AQPARAT – 2022. – 5 тамыз – 5 б.



Қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Мұхтар Шахановтың туғанына биыл 80 жыл толуына орай модельдік орталық аудандық кітапханада «Халқы сүйген қаламгер» тақырыбында әдеби сағат өтті. 

Модельдік балалар кітапханасы мамандары Балалар жылына және оқушылардың жазғы демалысына орай оқырмандарға экологияның мәдениеттілікті қалыптастыру, табиғатты қорғауға, аялауға,шақыру, табиғат байлығын қорғауға шақыру,көркем әдебиеттегі және жалпы кітаптағы шығармалар арқылы қоршаған ортаны сүюге баулу мақсатында "Табиғат,мен сені жылдың кез-келген уақытында сүйемін" тақырыбында эковикторина ұйымдастырды.Іс-шараға тұрақты оқырмандар қатысып, табиғат пен қоршаған орта жайлы,оның адамға деген пайдасы мен маңыздылығы туралы мәліметтер алды.Тақырыпқа сай дайындалған викториналық сұрақтарға жарыса жауап беріп, кітап көрмесімен танысты.

Туған өлкенің тарихын білу – ұрпақ парызы // BULANDY AQPARAT – 2022. – 29 шілде – 3 б.