Танымал жаңалықтар
Сайт архиві
Октябрь 2023 (10)
Сентябрь 2023 (25)
Июль 2023 (4)
Июнь 2023 (32)
Май 2023 (10)
Апрель 2023 (56)
«Азаттық аңсаған Алаш арыстары» оқырмандар конференциясы

Қазақ ұлтшылдығының, қазақ күресінің, қазақ интеллигенциясының көрінісі болған Алаш қозғалысына – бір ғасырдан асып келеді. Алаштықтар армандап өткен тәуелсіздікке қол жеткізген заманда осындай маңызды күнді ескерусіз қалдырғанымыз ұрпаққа сын.  Еліміздің түкпір-түкпірінде, қала, аудандарда түрлі іс-шаралар өткізіліп, Алашорда қозғалысының мән-маңызы насихатталып жатыр. Осы орайда Модельді орталық аудандық кітапханасында «Азаттық аңсаған Алаш арыстары» оқырмандар конференциясы өткізілді. Ісшара  Модельдік балалар кітапханасының маманы Дагиман Еламан  мен мектеп оқушылары Алаш зиялыларының жиналысынан көрініс  көрсетіп, ақындардың өлең шумақтарын оқумен басталды.

Конференцияда  «Алаш» деген ұғым қалай пайда болды және оның тарихтағы орны жан жақты талқыланды. Макинск қаласының  жалпы орта білім беретін мектептерінің тарих пәні мұғалімдері Алаш партиясы жетекшілерінің саяси қызметі және еңбектерін баяндады. Іс шараға Бұланды аудандық маслихатының төрағасы Сексенов Нұрбек Балтабекұлы, Бұланды ауданы AMANAT партиясы филиалының төрайымы Хожабай Раушан Түркменбайқызы, Бұланды ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Жұмабаева Мерея Жанатқызы, білім бөлімінің  тәрбие  жөніндегі әдіскері Қаскеева Шынар Қайырбекқызы, Рахимжанов Сайлаубек Бекетайұлы, Бұланды ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің  «Тілдерді оқыту орталығы» КММ - нің директоры Зандыбайұлы Жайнарбек қатысып өз ойларын айтты. Макинск қаласының балалар музыка мектебінің директоры Сертай Жатайұлы, балалар шығармашылығы орталығы үйінің директоры Қазбек Боранбайұлының орындауында Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» және «Оқжетпес» әндерін тамылжыта орындады. 
«Ғасырдың жарық жұлдыздары» кітап көрмесіне шолу жасалды. 


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.