Жақсылық бар жерде жылу бар

Қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы аясында Бұланды ОКЖ-нің модельдік орталық аудандық кітапханасында 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі жандармен «Жақсылық бар жерде жылу бар» атты кітапханалық кеш өтті.

Іс-шара барысында жиналғандар электронды презентация негізінде мейірімділік, жанашырлық сияқты адамгершілік ұғымдарымен тереңірек танысып, «Күз түстері» шығармашылық шеберханасына қатысып, күз туралы суреттер салды. «Мақал-мәтелдерді жалғастыр» сайысына қатысып, «Ертегілер мен мейірімділік әлемінде» әдеби викторинасының сұрақтарына белсенді түрде жауап берді. «Біз сізге мейірімділік пен қуаныш сыйлаймыз» шығармашылық шеберханасына қатысты, онда әр қатысушы өздерінің шығармашылық жұмыстары: бисер тоқу, күйдіру, қағаздан жасалған қолөнер туралы айтты. Іс-шара қызықты өтіп, мерекелік шай ішумен аяқталды. Белсенді қатысқан оқырмандарға тәтті сыйлықтар таратылды.



Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.