Кітапхананың оқырмандары белсенділіктерін танытып іс шараға қатысып, уақыттарын көңілді әрі пайдалы өткізді .
Есмагулова Г. Адалдық ардың ісі // BULANDY AQPARAT – 2022. – 17 маусым – 4 б.

Модельдік балалар кітапханасы мамандары Қазақстан Республикасы рәміздерінің 30 жылдығына орай Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту,рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту,оқырманның есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру, оларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында "Елдігімнің айғағы - рәміздерім" атты патриоттық сағатын өткізді.

Модельдік балалар кітапханасы мамандары жазғы демалысқа арналған мақсатты бағдарламасын жалғастырып, кітапханаға оқырмандарды көптеп тарту,оларды кітап оқуға қызықтыру,бос уақыттарын тиімді пайдалануға үйрету,кітап оқу дәстүрін жалғастыру мақсатында модельдік балалар кітапханасы қабырғасында "Әдеби боулинг" ойындық бағдарламасын ұсынды.
"Әдеби боулингке" талапты да талантты,білгір де тапқыр оқырмандар қатысып,неше түрлі тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.

Модельдік балалар кітапханасы жас оқырмандарды жазғы демалыс уақытында кітапханаға шақыру,кітап оқу дәстүрін шыңдау,балалардың жазғы бос уақытын тиімді пайдалануға баулу мақсатында Халықаралық балалар күніне арнап "Әдеби боулинг" ойындық бағдарламасын өткізді.
Ойын түрінде өткен іс-шараға тұрақты жас оқырмандарымыз қатысып,түрлі формадағы қызықты тапсырмаларды жарыса орындады.

Модельдік балалар кітапханасы мамандары жас оқырмандарға танымдық және шығармашылық міндеттерді шешуден қуаныш сезімін сыйлау.туған өлкені таныту,Отанға,елге және жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру,ойын арқылы табиғат ғажайыптарын ұғындыру мақсатында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы,сонымен қатар "Балалар жылы" аясында "Тағдырға толы таңғажайып өлкем" атты өлкетану квестін ұйымдастырды.

Модельдік балалар кітапханасы мамандары Макинск қаласы мектеп-лицейінде отбасындағы тәрбие мен баланың білімге деген сабақтастығын,отбасылық кітап оқу жобасын жандандыру мақсатында «Балалар мен ата-аналар» атты интелектуалдық ойын ұйымдастырылды.

Модельдік балалар кітапханасы мамандары Ұлы жеңіс жолында,ұлы азаттық жолында ерлікті дәріптеу, оқырмандардың өз Отанын, туған жерін сүю, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу, ел мен жер үшін ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі-өнеге тұту мақсатында екінші дүниежүзілік соғыс ардагері,Алматы, Көкшетау қалаларының орталық көшелеріне, Арықбалық ауданындағы орта мектептердің біріне есімі берілген батыр, "Еңбек Қызыл Ту" орденімен және медальдармен марапатталған ақын Жұмағали Саинның 110 жылдығына арналған "Ақын және ардагер" атты виртуальды-ауызша журналын ұсынады.

Модельдік балалар кітапханасы мамандары мен жас оқырмандары "Бұланды ауданы, Макинск қаласы арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" қызметкерлері мен аудандық мәдениет үйі өнерпаздары ұйымдастырған Ұлы жеңістің 77 жылдығына арналған мерекелік концертте "Кітаптар да соғыс жайында естеліктер қалдырады" атты библио-кроссын өткізді.Кітапхана мамандары арнайым мемлекеттік қызмет алушыларға кітап көрмесін таныстырып,жас оқырмандар ардагерлерге арнап өлең шумақтарын оқыды.

Модельдік балалар кітапханасы мамандары Отан қорғаушы күніне орай балаларға 7 – мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесін сезіндіру.