Модельдік балалар кітапханасы мамандары Қазақтың көрнекті ақыны, қазақ поэзиясының Жезкиігі атанған ірі мемлекет қайраткер Кәкімбек Салықовқа арналған "Кәкімбек-қара өлеңнің жезкиігі" атты әдеби-мемуарын ұсынады. «Жезкиік», «Сағыныш», «Аққу әні», «Үш арыс», «Бір ауыз сөз», «Оқжетпес», «Көкшетау», «Жамбыл ата» сынды туындылары халық әніне айналып айналған, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне үш мәрте (IX, X, XI) депутат болып сайланған, КСРО Жоғарғы Кеңе-сінің депутаты, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері (2001), Халықаралық Қ.Сәтбаев қорының президенті, Қазақстан Республикасы «Экология» академиясының академигі. Ленин орденімен, екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Парасат» және Халықтар Достығы ор-дендерімен, көптеген медальдармен марапатталған ардақты Көкше өңірінің ақынының өміршең өлеңдерін,ғұмырлы мұраларын насихаттау баршамыздың мақсаты.
Модельдік балалар кітапханасы мамандары Қазақ ән өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан әнші, КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағлановаға арналған "Қазақ сахнасының аңызы" атты әдеби-музыкалық калейдоскобын ұсынады. Оның шығармашылық жолы Ұлы Отан соғысы жылдары басталды. Өнер жолын Ташкент филармониясының ән-би ансамблінде әнші болып бастаған. Сол ансамбльмен ІІ-дүниежүзілік соғыс жылдары майдан даласында өнер көрсетіп, жаралыларға жігер беріп, зұлым жауға қарса аттанатын ерлерге қуат берген. Оның орындауындағы "Кестелі орамал", "Ах, Самара, городок" әндері ел арасында ерекше танымал болды. Аты аңызға айналған әнші Роза Бағланованың құнды мұрасын тарих беттерінен жоғалтпай, көзіміздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа насихаттау баршамыздың міндетіміз. (Жалпы,өнер,мәдениет туралы білгілеріңіз келсе,біздің кітапханамыздың әдебиет әлеміне сапарға шығыңыздар!)
Модельдік балалар кітапханасы мамандары сіздердің назарларыңызға 2022 жыл- Барыс жылындағы атаулы күндер мен айтулы оқиғалар күнтізбесінің кезекті шығарылымын ұсынады. Күнтізбеде әдебиет және мәдениет өлкесіндегі,сондай-ақ өнер мен өлең саласындағы қазақ және шетел тұлғалары қамтылған, олардың тіл мен өнердің,өнеге мен танымның дамуына елеулі үлес қосқан тағылымды ғұмырлары көрініс тапқан.Мысалға,оның ішінде Қазыбек бидің 355 жылдығынан бастап, Кенесары ханның туғанына 220 жыл, ұлы ғалым Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы, Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығы, Ғабит Мүсіреповтің туғанына 120 жыл секілді айтулы даталар бар. Күнтізбенің мазмұны қоғамдағы кенжелеп қалған кітап оқу әдебін дамытуға,, Отанға және туған жерге деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеуге бағытталған.Күнтізбеге қажетті мағлұматтар әр түрлі дерек көздерінен жиналды.
Жобаның өзектілігі: Өлкетану, бүгінде біздің кітапхана жұмысындағы басты бағыттардың бірі болып саналады. Дәстүрлі түрде өлкетануды кітапханалық зерттеудің міндеттері мыналар болып табылады: материалдар жинау және оқырмандарға өз қаласының немесе аймақтың тарихы, қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы ақпарат беру, оқырмандардың туған жерге деген қызығушылығын дамыту, кіші Отанына деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімдерін тәрбиелеу; қызықты адамдармен кездесулер ұйымдастыру және өткізу, туған жердің жазушылары мен ақындарының шығармашылығымен танысу. Кітапхана ұрпақ арасындағы жоғалған тарихи байланысты, яғни отбасы және оның жақындары, туған қаласы ның және кітапхананың өткені туралы білімді іздеуге және бекітуге көмек көрсетіп, олардың сабақтастығын қалпына келтіреді. Мұндай жұмыс адамдарды позитивті әлеуметтік-психологиялық «білім алуға» қайнарына, өзін-өзі сәйкестендіру тәсіліне айналады. Өлкетану - жас ұрпақты патриоттық-адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды ресурсы. Өз жерін біле отырып, пайдаланушылар өздерінің кішігірім Отанын сүюді және бағалауды үйренеді, өзін ерекше біліммен байытады және аға ұрпақтың өмірлік тәжірибесін түсінеді.
Модельдік балалар кітапханасының мамандары бізге-жастарға, келешек ұрпаққа, жастарымызға маңызы зор жауапты миссия жүктелген "Елдіктің жеті тұғырына" арналған "Өскелең ұрпаққа үндеу,өсиет айту" ақпараттық сағатын ұсынады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтар үшін негізгі бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарының жиынтығын жас ұрпаққа үндеуін жолдады. Олар: «Тәуелсіздік – кез келген азамат үшін ең қастерлі құндылық», «Бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры», «Жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы», «Отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі», «Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі», «Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті», «Прагматизм – бәсекеге қабілетті болудың кепілі».Осы орайда Мағжан ақын айтқандай "Мен жастарға сенемін!" дегіміз келеді
Модельдік балалар кітапханасының мамандары мектеп оқушыларының қысқы демалысына орай ғаламтор жайлаған заманда балаларды кітап әлеміне баулу,қызықтыру һәм соған үйрету,тілін жаттықтыру,ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру,Отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында кітапхана қабырғасында "Балалар мұнда дүниедегі барлық қызықты білу үшін келеді" атты экскурсиясын ұйымдастырды.Балалар айтылған мәліметтерді бар назарымен тыңдап,кітапхананың оқырмандары болғанына қуанып тарасты.
Модельдік балалар кітапханасы мамандары Сыр өңірінің ақыны,ұлағатты ұстаз.журналист, "Мәдениет және тұрмыс","Балдырған","Ара" журналдарында редакторлық қызмет атқарған, елім деп еңбек еткен,"Светофор","Серт","Шилі өзен","Сыр перзенті","Көк күмбезі" секілді кітаптардың авторы,сонымен қатар балалар әдебиетіне зор үлес қосқан тұлға Қанапия Дәрібаеваның туғанына 90 жыл толуына орай "Сырда туып,Сырда өскен" атты бейнеролигін ұсынады
Модельдік балалар кітапханасы мамандары қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға,оқырманды отан сүйгіштікке, еңбекке, кісілікке -тәрбиелейтін ғибратты шығармаларың авторы,жалпы қазақ жұртшылығының біртуар зиялысы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап» атты кітап көрмесіне «Өнер-білім бар жұрттар» кітабы қойылған Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арнап "Кел,балалар,оқылық!" атты әдеби-виртуальды сабағын ұсынады.Жалпы қазақ ұлтының ағартушылық ісіне бел жазбай еңбек еткен Ыбырай Алтынсариннің өмірі,өткені,баға жетпес мұралары бізге үлкен бір аманат десек артық болмас.
Модельдік балалар кітапханасы мамандары жаңа түскен әдебиеттерге виртуальды шолуын ұсынады.Біздің кітап қорымызға шахмат үйренудің сан түрлі әдіс-тәсілдерімен қатар,оның қыр-сырын үйренудің түрлі жолдары жазылған «Шахматы для детей», «Шахматы,Большой самоучитель»,ағылшын тілін үйренуге арналған иллюстрациялармен көркемделген кітаптар,оған қоса жас бүлдіршіндерге арналған «Қазақ ертегілерінің» 2 томдығы,қазақ жазушыларының қызықты да мағыналы әңгімелер кітабы келіп түсті.Жаңа кітаптар кітап сөрелерінде өз оқырмандарын күтуде.Құрметті модельдік балалар кітапханасының оқырмандары,сүйікті кітабыңыздың алғашқы оқырманы болуға асығыңыздар!