20-ғасыр басындағы шағын қазақ зиялылары тек ой орталығы ғана емес, қазақ халқының жарқын болашаққа деген үмітіне айналды. Модельдік орталық аудандық кітапхана мамандары назарларыңызға Алаш партиясы өкілдерінің қызметіне арналған «Қазақ ұлтының рухани көсемдері» атты ақпараттық бейнеролик дайындап, әлеуметтік желілерде жариялады.
Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың туғанына 130 жыл (1893-1938)
20 наурыз – Зияткерлік күні. Қазақ халқында балалардың ой-санасын жетілдіру, зияткерлік қабілетін дамытуда ауыз әдебиетінің алар орны ерекше. Батырлар жыры балаларды Отансүйгіштікке, адалдыққа, ерлікке тәрбиелесе, шешендік өнер табан астында сөз тауып айтуға, аталы сөзге тоқтауға үйретеді. 
Модельдік балалар кітапханасы мамандары оқырмандарға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу,әдет-ғұрыптар туралы толыққанды мәлімет беру мен оларды өскелең ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында "Ата салтымызды ардақтайық!" тақырыбында фольклорлық кемпірқосағын өткізді.Мерекелік іс-шарада қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы айтылып,оқырман қауым өздері білетін салт-дәстүрлері жайлы баяндап берді.Әсем әуенмен әрленіп,ұлттық нақышта безендірілген,ұлттық киіммен сәнденген мерекелік іс-шарада оқырмандар ұлттық ойындарымыз "Бес асық","Асық ату" ойындарын ойнап,бұрымды қаракөз қарындастарымыз шаш өру үлгілерін көрсетті.Асқа бата беріліп,дастарқаннан дәм татылды.

Наурыз айы тамаша мерекелер айы, олардың ішіндегі ең маңыздысы – Наурыз мейрамы. Наурыз – көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы, жаңа жыл мен жаңа өмірдің басталуы. Орталық модельдік аудандық кітапханада «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасы аясында «Наурыз – ұлы даланың ұлы мерекесі» салт-дәстүр сағаты өтті. 
15 наурыз – жайлау күні. Дәл осы күні табиғат анаға ерекше көңіл бөлінеді. Яғни, тұрғындар көшет егіп, қоқыстан тазарту шараларын ұйымдастырады. Шырайлы Шығысқа кеш келетін көктем мезгілі бұл игілікті шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік бермегенімен, Ұлыстың ұлы күні қарсаңында аталып өтетін бұл мерекенің мәні мен маңызы зор. «Бір тал кессең, он тал ек»,«Атаңнан мал қалғанша тал қалсын» — деп дана халық айтпақшы, табиғатты аялау,қорғау бізге де жүктелген міндет.Осыған орай Модельдік балалар кітапханасы мамандары алда келе жатқан Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!

Бұл күні адамдар табиғат аясында серуен құрып қана қоймай, айналадағы қоқысты тазартып, тал егіп, көшет отырғызады. Бұл өскелең ұрпақтың экологиялық, зияткерлік санасын дамытуға септігін тигізеді және денсаулығын жақсартады.