Есірткіге қарсы күресуге, жастар арасында денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында модельдік орталық аудандық кітапхана маманы №1 жалпы білім беретін меткебінің 9 сынып оқушыларымен «Есірткісіз өмір – жарқын болашақ» тақырыбында ақпараттық SOS сағатын өткізді. Іс-шара барысында тақырып бойынша бейнероликтер көрсетіліп, нақты өмірлік жағдайлар талқыланды. Қатысушыларға есірткінің ағзаға әсері, қоғамға тигізетін зияны және тәуелділіктің психологиялық және әлеуметтік салдары туралы фактілер ұсынылды. Кездесу жастарды зиянды әрекеттерден сақтандыруға бағытталды.

Модельдік орталық аудандық кітапхана маманы Макинск қаласы мектеп – гимназиясының 10 сынып оқушыларымен «Қазіргі заманның жұмысшы мамандықтары» тақырыбында танымдық кездесу өткізді. Кездесу барысында қазіргі уақытта жоғары сұранысқа ие жұмысшы мамандықтары – электрик, құрылысшы, техник-механик, IT-техник, дизайнер, аспаз мамандары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар «Кәсіп – табыс бастауы» тақырыбында шағын пікірталас ұйымдастырылып, жастар өз ойларымен бөлісті. «Заманауи мамандықтар жолы» атты кітап бұрышына анықтамалықтар қойылды.

2025 жылдың 14 қарашада модельдік орталық аудандық кітапхана маманы Балуан Шолақ мектеп – лицейінің 8 сынып оқушыларымен «Ұлттық валюта – ел мәртебесі» тақырыбында танымдық сағат өткізді. Іс шара барысында қатысушыларға теңгенің тарихы, алғашқы шыққан банкноттар мен монеталар туралы мағлұматтар берілді. Іс шараға бағытталған сұрақтар қойылып, оқушылар болашақтағы теңгенің суретін салып өз ойларын ашық жеткізді. Іс – шара жастардың ұлттық валютамызға деген құрметін арттырып, экономикалық сауаттылықтарын кеңейтті.

2025 жылы «Бір ел – бір кітап» ұлттық науқаны аясында дауыстары бүгінгі күнге дейін өзекті болып қала беретін екі ұлы автордың шығармаларына ерекше назар аударылады. Бұл есімдер қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихында мәңгілікке сақталады: Тәкен Әлімқұлов және Жұмекен Нәжімеденов. Қазақ әдебиетін насихаттау, оқуға деген қоғамдық қызығушылықты арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге мүмкіндіктер жасау және жас ұрпақтың интеллектуалдық және рухани дамуына ықпал ету мақсатында модельдік орталық аудандық кітапханада «Еліміз бірге оқиды» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып шолу жасалды.

Биыл ұлы ғалым, ағартушы Шоқан Уалихановтың туғанына 190 жыл толуына орай моделдік орталық аудандық кітапхана маманы қаламыздағы мектеп-лицейдің 8 сынып оқушыларымен «Шоқан – ғылымға жол ашқан жас данышпан» тақырыбында танымдық сағат өткізді. Шара барысынды қатысушыларға ғалымның өмір жолы мен ғылыми еңбектері туралы мәлімет берілді. Іс-шараға бағытталған сұраққа жауаптар айтылып, тақырып бойынша бейне көрсетілді. Сонымен қатар Шоқан Уалихановтың саяхаттары мен этнографиялық зерттеулеріне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Маңызды күнге арналған тағлымды шара // BULANDY AQPARAT – 2025. – 31 қазан – 4 б.

Еселі еңбекке құрмет // BULANDY AQPARAT – 2025. – 31 қазан – 4 б.

Ж. Қалиева. Республика күні – елдіктің бастауы // BULANDY AQPARAT – 2025. – 31 қазан – 4 б.

Модельдік орталық аудандық кітапханада қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, сатира жанрының шебері Асқар Тоқмағамбетовтың туғанына 130 жыл толуына орай «Сатира сардары – Асқар Тоқмағамбетов» атты портреттік көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – оқырмандарға қаламгердің өмір жолы мен шығармашылығын кеңінен таныстыру, оның әдеби мұрасын насихаттау. Шара барысында Асқар Тоқмағамбетовтың өмірбаянына, шығармашылық еңбектеріне, сатиралық туындыларына арналаған материалдар, кітаптар, суреттер мен фотосуреттер қойылды.

2025 жыл 19 қыркүйекте модельдік орталық аудандық кітапханада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында еңбек күніне орай «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Іс-шараға қаламыздың еңбек адамдары мен еңбек ардагерлері шақырылды. Шара барысында қонақтар өздерінің еңбек жолы, өмірлік тәжірибесі туралы әңгімелеп, жастарға еңбекқорлық пен жауапкершілік жөнінде кеңестер берді. Шара еңбек адамдарын құрметтеу және олардың халыққа қызметтері жолындағы үлесін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.