Бұланды орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің модельдік орталық аудандық кітапханасында Ұлттық кітап күні аясында жергілікті ақындармен «Туған өлкем — тұнған тарих» тақырыбында әсерлі поэзия кеші ұйымдастырылды. Іс шара барысында ақындар туған өлке, ел мен жер туралы жүрек тебірентерлік өлең шумақтарын оқып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар жүргізушінің мазмұнды сұрақтарына жауап беріп, шығармашылық жолдары, шабыт көздері және поэзияның қоғамдағы маңызы туралы ой бөлісті.
Поэзия кешіне мектеп-лицейдің 9-сынып оқушылары белсенді түрде қатысып, әдеби кештің көркін қыздырды. Оқушылар ақындардың өлеңдерін қызығушылықпен тыңдап, рухани тағылым алды.
Кеш барысында «Жас қанат» ақындар үйірмесінің шәкірттері сахна төріне шығып, «Туған жер» әнін орындап, шараның әсерін одан әрі арттыра түсті.
Поэзия кеші қатысушыларға туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырып, ұлттық әдебиетті насихаттауға бағытталған мазмұнды әрі тағылымды іс-шара болды.
Модельдік балалар кітапханасында, Макинск қаласының мектеп-гимназиясының 6 «Ә» сынып оқушыларымен «Наурыз мерекесінің көктемгі көңіл-күйі» атты мерекелік калейдоскоп өтті.
Қазақтың ұлттық ойындары — халықтың тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін, батырлық пен ептілікті дәріптейтін ерекше мұра. Олар балаларды да, ересектерді де шынықтырып, ой-өрісін дамытады. Модельдік балалар кітапханасында Макинск қаласының мектеп-гимназиясының 6 «Ә» сынып оқушыларымен «Ұлттық ойындар — халық қазынасы» атты ойын алаңы ұйымдастырылды.
Наурыз — жаңару мен жаңғырудың, береке мен бірліктің мерекесі. Осыған орай модельдік орталық аудандық кітапханада «Наурыз — жаңару мен бірліктің мерекесі» тақырыбында танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты — ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүрлерді насихаттау және жас ұрпаққа халқымыздың бай мұрасын таныстыру болды. Шара барысында ән шырқалып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар ұлттық ойындарға оқушылар белсенді қатысып, ерекше әсер алды. Кітапхана мамандары қазақтың дәстүрлі ас дайындау өнерін таныстырып, қамыр жайып, кеспе кесу үрдісін көрсетті.
Мерекелік дастархан барысында қонақтарға ұлттық тағам — Наурыз көже ұсынылып, көпшілікке таратылды. Наурыз — жаңару мен жаңғырудың, береке мен бірліктің мерекесі. Осыған орай модельдік орталық аудандық кітапханада «Наурыз — жаңару мен бірліктің мерекесі» тақырыбында танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты — ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүрлерді насихаттау және жас ұрпаққа халқымыздың бай мұрасын таныстыру болды. Шара барысында ән шырқалып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар ұлттық ойындарға оқушылар белсенді қатысып, ерекше әсер алды. Кітапхана мамандары қазақтың дәстүрлі ас дайындау өнерін таныстырып, қамыр жайып, кеспе кесу үрдісін көрсетті.
Мерекелік дастархан барысында қонақтарға ұлттық тағам — Наурыз көже ұсынылып, көпшілікке таратылды.
Бұланды аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Модельдік орталық аудандық кітапханасында «2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша қалалық кітапханалардың қызметіне талдау» тақырыбында басшының қатысуымен әдістемелік кеңес өткізілді.
Г. Нуркишева, Ж. Калиева. Басты ниет — жүректегі шынайы ризашылық // BULANDY AQPARAT — 2026. — 06 наурыз — 4 б.
Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай «Мұқағали — мәңгілік ғұмыр» атты № 2 жалпы білім беретін орта мектепте Модельдік балалар кітапханасының мамандары 6 «Б» сынып оқушыларымен әдеби кеш өткізді.