Қазақстан Республикасы күні және Кітапханашылар күні қарсаңында Бұланды ОКЖ – нің кітапхана қызметкерлерінің «Кітапхана ісі: жұмыс нәтижесі, өзара тиімді істер» атты семинары модельдік орталық аудандық кітапханада өтті.
Бұланды ОКЖ – нің модельдік орталық аудандық кітапханасының мамандары жазушы, композитор, өнертанушы, Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері Илья Жақановтың шығармашылығына арналған «Ән мен сөздің қамқоршысы – Ілия Жақанов»,атты портрет кешін өткізді.
Қазақ елінің аты аңызға айналған ұлы, жерлесіміз Балуан Шолақтың 160 жылдығын мерекелеу аясында Бұланды ОКЖ – нің модельдік орталық аудандық және модельдік балалар кітапханасының мамандары «Өлке шежіресіндегі есім» әдеби-сазды композициясын өткізді. Ісшараға: мәдениет бөлімінің бас маманы, тілдерді оқыту орталығының басшысы, Бұланды аудандық мұрағатының директоры, қала мектептерінің тарих пәнінің мұғалімдері мен оқушылары қатысты.
18 қазанда Қазақстанда Рухани келісім күні аталып өтеді. Еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылық жолында толеранттылық пен рухани келісім идеяларын насихаттау, отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу, түрлі ұлт, дін өкілдеріне төзімділік пен құрмет, рухани мәдениетті қалыптастыру мақсатында Макинск қаласының мектеп-лицейінде ішкі саясаты бөлімі мен модельдік орталық аудандық кітапхана бірлесіп «Рухани келісім – бірлікке бастар жол» әңгіме сағаты өтті.
Бұланды ОКЖ – нің кітапханасының кітапханашысы қазақтың белгілі ақыны, жазушы, драматург, ақын, дастаншы Баянғали Әлімжановтың туғанына 70 жыл толуына орай қала жастарымен: «Халыққа берілген жүрек» әдеби кеш өткізді.
Қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығында Бұланды ОКЖ-нің модельдік орталық аудандық кітапханасының мамандары, ардагерлер кеңесінің төрайымы Биғайша Еслямбекқызы Тұртановамен, аналар кеңесінің төрайымы Людмила Анатольевна Ширинскаямен бірге және Бұланды ауданы әкімінің мүмкіндігі шектеулі жандармен және халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмыс жөніндегі кеңесшісі Омарова Балқадиша Негметқызы мен бірлесіп, «Алтын ғасырды асқақтаймыз» атты күзгі калейдоскоп іс-шарасын өткізді.
Игі істер марафоны аясында Бұланды ОКЖ – нің модельдік орталық аудандық кітапханасында кітапхана пайдаланушыларының қатысуымен «Табиғат бұрышын мекендеушілер» атты көрме-пікірталас өтті.
Қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы аясында Бұланды ОКЖ-нің модельдік орталық аудандық кітапханасында 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі жандармен «Жақсылық бар жерде жылу бар» атты кітапханалық кеш өтті.