Ежелден қазақ жері өзінің жазушыларымен және ақындарымен әйгілі болған. Модельдік орталық аудандық кітапхананың мамандары сіздердің назарларыңызға 2021 жылдың тарихында және әдебиетінде жарқын із қалдырған қазақтың мерейгер жазушылары туралы бейне презентация форматында «2021 жылдың мерейгер жазушылары» атты виртуалды әдеби калейдоскопты дайындап, әлеуметтік желілерге жүктеді. Бейне-презентация Олжас Сүлейменов, Мұқағали Мақатаев, Жамбыл Жабаев, Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен шығармашылығы туралы қызықты ақпараттар ұсынады. Олар біздің еліміздің мәдениетін және әдебиетін дамытуға орасан зор үлес қосты және бізге өзінің шығармашылықтарын мұра қылып қалдырды.
Бұланды ОКЖ- нің модельдік орталық аудандық кітапхананың мамандары жаңа әдебиеттерді насихаттап таныстыру мақсатында сіздердің назарларыңызға "Жаңа кітаптардың галереясы" атты презентация-брифлиін әлеуметтік желілерге жүктеді.
Ұлттық домбыра күніне орай, ұлттық аспап - домбырамен танысу, ой-өрісін кеңейту, қазақ халқының рухани құндылықтарына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында модельдік орталық аудандық кітапхана мамандары әлеуметтік желілерде "Ғасырдан ғасырға жалғасқан домбыра үні" атты виртуалды әдеби-музыкалық микс өткізді.
Өлкетану жұмысы - өткеннен тамыр тартқан және болашаққа апаратын үздіксіз процесс, оның мақсаты ұрпақ байланысын қамтамасыз ету, тарихи мұраларды, білім мен дәстүрлерді сақтап кейінгі ұрпаққа жеткізу, жеке тұлғаның да, тұтастай алғанда бүкіл қоғамның да жан-жақты рухани, интеллектуалды және мәдени дамуына жағдай жасау. Биыл Макинск қаласының құрылғанына 76 жыл. 1945 жылы 18 мамырда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының жарлығымен жұмысшы Макинка ауылы аудандық басқаруындағы қалаға айналды және оған Макинск атауы берілді. Пайдаланушылардың тарихты, мәдениетті зерттеуге қызығушылығын тудыру, «Тарихқа оралу» жобасы шеңберінде кіші Отанына деген сүйіспеншілік пен мақтанышты, жергілікті құндылықтарға деген құрметке тәрбиелеу мақсатында, модельдік орталық аудандық кітапхананың мамандары «Кіші отанға деген сүйіспеншілік» атты виртуальды қала серуенін дайындап әлеуметтік желілерге жүктеді.
Алдар Көсе – халықтың еңсесін көтеру үшін дүниеге келген кейіпкерлердің бірі. Алдар көсе халықты рухани тұрғыдан аздырмайды, ол туралы әңгімелердің сюжеті де күрделі және философиялық мәні зор екендігі бәрімізге белгілі. Алдар Көсе өзінің ақылы мен тапқырлығы арқылы сараң байларды, жалқауларды, ақымақ қазыларды алдап, олардың сыбағасын береді. Модельдік балалар кітапханасының белсенді окырмандары «Алдар Көсе туралы аңыздар» атты ертегі калейдоскопына қатысып, оқушының ойлау, қиялдану, әсерлену, елестету қабілеттерін дамыту мақсатында ертегі кейіпкерлерін және мазмұнын бейнеледі.
"Әлем таныған Абай" онлайн-жобасы аясында Ұлы қазақ ақынының шығармашылығымен танысу, адамға және оның ішкі әлеміне деген қызығушылықты, отандық тарих пен мәдениетке деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу; азаматтық ұстанымды, адамгершілікті, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру мақсатында модельді орталық аудандық кітапхананың мамандары әлеуметтік желілерде "Абай мұрасы - мәңгілік мұра" атты виртуалды кітапханалық бағытын дайындап, жүктеді.