«Адалдық алаңы» - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылының жаңа форматы жобасы аясында «Парасат жолы» орталығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды әзірлеуге барлығы қатыса алатын ашық алаңға айналды. Осы жоба аясында 13 - ақпанда модельдік аудандық кітапханада «Парасат жолы» орталығы модельдік балалар кітапханасымен бірге ашылды, онда «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ - біздің ортақ мақсатымыз» атты көрме-үндеуі ұйымдастырылды. Орталық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыс істейді: адалдық, әділеттілік, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханияттың құндылықтар жүйесін насихаттау. Сонымен қатар өзекті мәселелерді талқылау мен кездесулер өткізіледі.
Ертегі тыңдап өскен,ертегі оқыған баланың ой-өрісі кеңейеді.Өйткені ол әрқашан адамды жақсылыққа үйретеді,жамандықтан жирентеді.Ертегі бала қиялын өсіріп адамгершілікке,ізгілікке жол ашады,қаһармандыққа үндейді,қайырымдылыққа,достыққа бастайды. Модельдік балалар кітапханасының оқырмандары «Қазақ халық ертегілері» атты ертегілер калейдоскобына қатысты.Ертегілердің түрлерімен танысты,викторинаға қатысып, «Үйшік» ертегісінен көрініс көрсетті.
Әлихан Бөкейхан 1866 жылы 5 наурызда казіргі Карағанды облысы Актоғай ауданында дүниеге келген. Ғылымның әр саласын меңгерген ғалым. Әлихан Бөкейханның саяси қызметі Омбыда « Халық бостандығы » партиясына мүше болған кезден басталды. Модельдік орталық аудандық кітапханасының мамандары сіздердің назарларыңызға «Алаш орданың көшбасшысы» атты виртуалды тарихи сағатты ұсынады.
Оқырмандардың қазақ дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы білімдерін қалыптастыру, қазақ халқының мәдениетіне деген қызығушылықты ояту, адамгершілікке тәрбиелеу, қазақ халқының мерекелері, дәстүрлері, тарихы мен мәдениеті туралы білімдерін кеңейту мақсатында.Бұланды ОКЖ – нің библиографы Сегізбайұлы Кәдірбек «Қазақы дастархан» кітаптың бейне –презентациясы (21 наурыз Ұлттық тағамдар күні)
Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары - мінез-құлықтың үлгісі, ілтипат пен құрмет стандарты. Елдің мәдениетін түсіну үшін баланың дүниеге келуіне, тұрмысқа шығуға және өмірдің басқа қырларына байланысты Қазақстанның әдет-ғұрыптарымен танысыңыз. Бұланды орталық кітапхана жүйесінің библиографы «Ұлттық салт –дәстүріміз рухани құндылықтар негізі» Виртуалды бейне – сағат. Ісшараның мақсаты: оқушылардың қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы білімдерін қалыптастыру; студенттерде қазақ халқының мәдениетіне деген қызығушылықты қалыптастыру; студенттерде өз елінің, өз халқының адамгершілік және рухани мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу
Наурыз мейрамын мерекелеу аясында "Ұлттық киiм - ұрпаққа мұра" атты челленджiн аудандық мәдениет үйiнен модельдiк орталық аудандық кiтапхана қабылдады.
Бұл Қазақстанның ең сүйікті және ауқымды мерекелерінің бірі. Модельдік орталық аудандық кітапханасының мамандары назарларыңызға «Наурызым-мерекем», наурызым берекем» атты видео-слайд ұсынады.